2 ХАТТАМАСЫ

 

Астана қаласы                                                            9  қаңтар 2019 жыл

 

Өткізілген уақыты:

Басталды: 17:30

Аяқталды: 18:30

Жиналыстың өтілетін орны:  2-ші қабат, актовый зал.

 

Қатысқандар:  14  

 Комиссия төрағасы:   Н.О.Онланбекова

Хатшы:  Г.И. Сарсенбаева

 

Күн тәртібі:

№ 66 «Толағай» балабақшасының    2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында  жүргізілген жұмыстар туралы есеп

 

  1. Балалармен ұйымдастырылған  оқу-тәрбие жұмыстарының  қорытынды есебі;
  2. Бюджетті орындаудағы есеп және жаңа жылға бюджетті бөлу;
  3. Талапқа сәйкес балалардың қауіпсіздік ережелерінің сақталуы;
  4. ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының орындалуы.

 

Сөз сөйлеген: Меңгеруші Н.О. Онланбекова

Мекеменің аты, мекен-жайы: № 66 «Толағай» балабақшасы МКҚК   Т.Жүргенов көшесі 30/1 телефон: 65-75-22  почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Оқыту тілі: қазақша

Топ саны: 14

Бала саны:

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу  туралы  2013  жылғы  31 қаңтар БИН130140024333

Астана қаласы әкімдігінің №66 «Толағай» балабақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жарғысы

Балабақша 2011 жылы салынған екі қабатты типтік ғимаратта орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы – 5623,1 ш.м., ауқымы-18900.Топ және жатын бөлмелері бір-бірінен бөлінген. Әрбір топтың жеке есіктері бар. Бөлме саны-237. Серия жобасының түрі - Лит А.

-музыка залы,

-интерактивті музыкалық сауат ашу кабинеті,

-психолог кабинеті,

-инклюзив кабинеті,

-логопед кабинеті,

-ағылшын тілі кабинеті,

-шығармашылықпен шыңдалу кабинеті,

- өзін-өзі тану кабинеті,

-медицина кабинеті,

-спорт зал жұмыс жасайды.

 

Медициналық кабинет Астана қаласы бiлiм беру ұйымдарындағы денсаулық жағдайын талдау және ауру-сырқауды есепке алу бойынша әдістемелік тағайындамаларға сәйкес жабдықталған.

Әрбір жас ерекшелік топтарының  серуендеуге арналған балалар үлескесі бар.

Балабақша 280 орынға есептелген, жас ерекшеліктеріне қарай 14 топ жасақталған. Балабақшада тәрбиелеу және білім беру жұмысы мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Кадрлармен қамтамасыз етілуі: 27 педагог

 

І. Балалармен ұйымдастырылған  оқу-тәрбие жұмыстарының  қорытынды есебі

  Әдіскер: Ж.Н.Жакипбекова

 

Педагог қызметкерлердің сапалық құрамы

 

Жалпы педагогтар

саны

Жоғары

санатты

педагогтер

саны

І санатты

педагогтер

саны

ІІ санатты

педагогтер

саны

Санатсыз педагогтер саны

Жоғары білімді педагогтар саны

Арнаулы орта білімді педагогтер саны

27

2

1

9

15

19

8

 

 

 

Біліктілік санаттары

саны

 

пайыздық көрсеткіші

жоғары біліктілік санатты

 

2

7.4%

І біліктілік санатты

 

1

3.7%

ІІ біліктілік санатты

9

33.3%

      Санатсыз

15

55.6%


 

Еңбек өтілі бойынша

 

Барлығы

3 жылға

дейін

5 жылға дейін

5-10 жыл

10-15 жыл

20-25

жыл

25-30

жыл

30-35

жыл

27

5

3

10

2

2

4

1

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылының І-жартысында тәрбиеші педагогтарымыз өздерінің біліктілігін арттыру мақсатында Білім беру басқармасының және  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастыруымен төменде көрсетілген семинарларға қатысты.

1.«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырып отырған

«Педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту бойынша білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік жұмысы» тақырыбындағы семинарға қатысқан тәрбиеші, педагогтар

  1. Акбергенова А.А.
  2. Артыкова Р.П.
  3. Биғараева Р.Ә.
  4. Джаксылыкова А.К.
  5. Жакипбекова Ж.Н.
  6. Жаркенова Ж.С.
  7. Жаксылыкова Ж.Б.
  8. Үпілхан А.Ү.
  9. Кененбаева Ж.Е.
  10. Кенжебекова С.Т.
  11. Даулетбекова М.Ш.
  12. Махметова С.Д.
  13. Сыздыкова Г.С.
  14. Молдахметова А.Ш.
  15. Ергешова Р.Т.
  16. Толеубаева П.Б.
  17. Сунгатова Н.Б.
  18. Абилдаева Т.Н.
  19. Ауганбаева А.Д.
  20. Куандыков Е.Б.
  21. Шаймарданова Ж.А.
  22. Жажанбалиева А.Д.
  23. Мадениет Б.
  24. Кайыржанов Д.Б.
  25. Уналбекова Б.
  26. Жаксылыкова М.Б
  27. Акжол Б.
  28. Онланбекова Н.О.

 

2.«ҚР МЖМБС  талаптарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру сапасының мониторинг жүйесі» тақырыбы бойынша семинарға төмендегі тәрбиеші, педагогтер қатысты

  1. Кенжебекова Салтанат Тойлыбекқызы
  2. Акбергенова Айжан Акимжановна
  3. Молдахметова Алмагуль Майлыбаевна

4.Биғараева Райхан Әлібекқызы

      5.Жаркенова Жанна Сериковна

      6.Жабанбалиева Айнур Даулетпековна

 

3.Семинар на тему: «Инклюзивное образование в дошкольных организациях»

  1. Жакипбекова Жазира Нургаракызы

 

4.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету»тақырыбында 72 сағ білім алып біліктілігін арттырды.

  1. Биғараева Райхан Әлібекқызы

 

5.«Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық-кеңістік дамытушы ортаны құрастыру» тақырыбындағы  16 сағаттық оқыту семинар практикумға  төмендегі тәрбиешілер қатысты:

  1. Биғараева Райхан
  2. Даулетпекова Меруерт Шегебековна
  3. Уналбекова Барикул Турашевна

 

6.«Мектепке дейінгі білім берудің инновациялық технологиялары»  тақырыбында 36 сағат оқыту семинар-практикумға төмендегі тәрбиеші қатысты.

  1. Джаксылыкова Айгуль Кенескановна
  2. Уналбекова барикул Турашевна
  3. Жаркенова Жанна Сериковна

 

7.ҚР МЖМБС –ты іске асыру жағдайында мектепке дейінгі білім берудің заманауи мазмұны тақырыбында 36 сағ оқыту семинар-практикум

1.Уналбекова Барикул Турашевна

2.Джаксылыкова Айгуль Кенескановна

3.Жаркенова Жанна Сериковна

8.Білім беру үрдісіндегі заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологиялар тақырыбы бойынша семинар

1.Ергешева Рахила Турдыбаевна

  1. Білім беруді жаңғырту орталығы өткізген «Рейтинг-білім беру ұйымдарының табыстылық көрсеткіші» тақырыбындағы қалалық семинар
  2. Жакипбекова Жазира Нургаракызы
  3. АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ИПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ

«ӨРЛЕУ»

Семинар на тему: «Психолого-педагогические основы применения элементов  АРТ-терапии в дошкольных организациях образования» 72 ч.

1.Онланбекова Назкен Онгарбековна

2.Жакипбекова Жазира Нургаракызы

3.Акбергенова Айжан Акимжановна

4.Биғараева Райхан Әлібекқызы

 

12. АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ИПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ

«ӨРЛЕУ»

Семинар на тему: «Психолого-педагогическое сопровождение инклюзивного орбарования в дошкольных организациях» 72 ч.

  1. Махметова Сымбат Дюсембековна

 

12. Академия білім сапасы

Семинар на тему: «Психолого-педагогическое сопровождение инклюзивного орбарования в дошкольных организациях» 72 ч.

«ҚР МЖМБС  жүзеге асыру жағдайында инклюзивті білім беруді дамыту» 16сағат

  1. Махметова Сымбат Дюсембековна

 

13.Академия білім сапасы

«Білім беру үрдісіндегі заманауи ақпараттық –коммуникативтік технологиялар»

  1. Махметова Сымбат Дюсембековна

 

Қыркүйек айында «Білім күніне арналған» мерекелік іс-шара өткізілді.  Қыркүйек айының 10-20 жұлдызы аралығында балалардың білімін бақылау мақсатында бірінші мониторинг өткізілді.

Қазан айында  «Күздің әсем жырлары » тақырыбында мерекелік ертеңгіліктер ұйымдастырылды.

Қараша  айының 05-09 жұлдызы аралығында жоспар бойынша ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері өткізілді.

25.11.2018ж. күні «I m a STAR KZ»  MEGA Festival KZ   музыкалық жобаға «Алпамыс» ортаңғы топ тәрбиеленушісі  Досыбек Айсұлтан  қатысып  ІІ орынды иеленді.

«Шынығамын күнде мен!» Тақырыбында эстафеталық спорттық ойындар Ұйымдастырылды. Ересек және мектепалды даярлау топтарының арасында.

«Тұңғыш Президент» күніне арналған Тақырыптық  оқу қызметтері өткізілді.

Желтоқсан айында  «Тәуелсіздік таңы!» тақырыбында  арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

16.12.2018 ж.  «NEW STAR KZ»  MEGA Festival KZ   музыкалық жобаға «Балдаурен» тобының тәрбиеленушісі Алтай Айкөркем  ІІІ-орынды  және «Қарлығаш»  тобының тәрбиенушілерінен құрылған «Қарлығаш» триосы да үшінші орынды иемденді.

 20-26.12. аралығында «Қош келдің Жаңа жыл! » тақырыбында мереклік іс-шаралар ұйымдастырылды.


2018-2019 оқу жылының І-жартысында  Білімқұмар балаларға арналған республикалық «Үркер» зияткерлік марафонына балабақша атынан 100 тәрбиеленуші қатысып, 1 баламыз жеңімпаз атанып, бірнеше баламыз жүлдегер  марапатына ие болды.

Сонымен қатар Халықаралық «ПОНИ» (Пайымда! Ойла!Нәтижеле!Игер!)

Байқауына балабақшадан 127 тәрбиеленушіміз қатысып , Қуаныш Еркеназ қызымыз жеңімпаз, 27 баламыз жүлдегер атанды.

Тәжірибе алаңында ұйымдастырылған тренингтер, дөңгелек үстелдер, ұйымдастырылған оқу қызметтері,ата-аналармен тренингтер, көрнекіліктер, әдістемелік еңбектерді іріктеу және жинау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 

«Арт-терапия» кластері бойынша  жоспарға сай жұмыс жасалып жатыр.  Мақсатымыз: балабақшаның  оқу тәрбие процестеріне арт – терапия әдістерін еңгізу және балалардың сөзбен жеткізе алмайтын ойлау мен қобалжуларын арт-терапияның әдіс-тәсілдері арқылы сыртқа шығару. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттеріміз: 1.Арт – терапия бағыттарымен танысу, халықаралық және республикалық деңгейінде біліктіліктерімізді көтеру,семинарларға қатысу;

2.Ата – аналарды  арт – терапия әдістері арқылы балабақша өміріне баули отырып,барлық балабақша іс-шараларына қатысуға ықпал ету;

3.Балабақшаны  жоғары деңгейге көтеру.

«Арт- терапия әдістерін  қолдана отырып ата- аналардың балабақшамен қарым-қатынастарын нығайту»  тақырыбында ата-аналар жиналысы жүргізілді. 

Сөз соңында айтарым 2018 жылдың аяғында  балабақшамыздың меңгерушісі Онланбекова Назкен Онгарбековна  25 жылдан аса Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке улесі үшін  Білім және Ғылым министрі Е.Сағадиевтен Алғыс хатпен марапатталды.

 

2.Бюджетті орындаудағы есеп және жаңа жылға бюджетті бөлу

Есепші: Д.Қ.Уахидова Есепші: Д.Қ.Уахидова  Біз 2018 жылға жоспарланған қаржыны толық меңгердік. Берілген спецификалар бойынша кеңсе, шаруашылық,химиялық  заттар,ағымдағы жөндеу жұмыстары, ойыншықтар алынды. Қосымша үнемделген ақша есебінен, интеллектум, робототехника, құм терапия кабинеттері жабдықталды. Комуналдық және балалар тамағының  төлемдері уақытылы төленді және сіздерден  балаларыңыздың тамақ ақысын уақытылы төлеулеріңізді сұраймыз.

 

3 . Талапқа сәйкес балалардың қауіпсіздік ережелерінің сақталуы

Шаруашылық меңгерушісі:    К.Я. Аубакирова

  1. Бақшада 24 камера орнатылған- 17 камера ғимарат сыртында , онын 9 тек қана балалардың ойын алаңын бақылауға арналған, 8 сыртқы есіктердің бәрін қамтыған. Бұл біздің терроризмге және өрт қауіпсіздігіне қарсы іс шаралар аясында жасалып отырган іс-әрекетіміз. Қалған 8 камера ғимараттың ішінде дәліздерге қойылды.
  2. 2019 жылдың аяғына дейін барлық топтарда камера қоюды жоспарлап отырмыз.
  3. Бақшада түнгі күзет және кундізгі күзет қызметі бар.
  4. Өрт қауіпсіздігі бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде, атап айтқанда барлық топта ұнтақты өрт сөндіруші құралғылар бар.

5. Өрт кезінде  шығатын есіктер талапқа сай орналасқан. 6. Балалардың кауіпсіздігі бойынша тәрбиешілер және тәрбиешілердің көмекшілерімен де жұмыс жүргізілуде.  Балалар серуенге шыққанда, спорт бөлмесінде, музыка залында  жеке қауіпсіздігіне назар аудару керек екені жөнінде ескертіледі  7. Балалардың өмір қауіпсіздігі  мен денсаулығына қауіпті жерлерді қарап  кез –келген қауіпті жерлерді уақтылы қалпына келтіруді жүзеге асырамыз: атап айтқанда ғимарат ауласын қардан,мұздан, шатырдан аққан мұздықтан тазартып отырамыз. 

 

1.ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының орындалуы.

 

Мейірбике: А.Б.  Мирсеитова

Бүгінгі біздің жиналысқа қатысты бұйрық бул  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2017 жылғы 17 тамызындығы № 615 бұйрығы туралы яғни "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

 Соның ішінде маңызды деген тарауларына тоқталатын боламыз.  Бул 5-6-7 ші тараулар атап өтетін болсақ:

  1. 5-тарау. Объектілерде тәрбиелеу және оқыту жағдайларына қойылатын
    санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  2. 6-тарау. Балалардың тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  3. 7-тарау. Объектілердегі тамақтандыру жағдайларына қойылатын
    санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

Сонымен қатар балабақшадағы балалардын санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сай тамақтануы , ойнауы ұақтылы ұйқтауы жане әр топтың температуралылық режимі туралы айтатын боламыз. Жәнеде балалардың жоспарлы түрде уақытында алдын-алу екпелері туралы да қысқаша мәлімдеме беретін боламын. Енді жоғарыда көрсетілген бұйрыққа тоқталсақ.

 

"Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

5-тарау. Объектілерде тәрбиелеу және оқыту жағдайларына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны, МДҰ-ның оқу жүктемесінің ең үлкен көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысыменбекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді.
  2. МДҰ топтарының толықтырылуы осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаның1, 2-кестелеріне сәйкес көзделеді.
  3. Сәбилер үйінде тәрбиеленетін балалардың оңтайлы саны 100 – 150 баланы құрайды. Топтардың толықтырылуы туғаннан бастап 1,5 жасқа дейін – 10 бала, 1,5 жастан 2 жасқа дейін – 13 бала, 2 жастан 3 жасқа дейін – 15 бала.
  4. Серуендер ауа-райы жағдайы ескеріле отырып, күн сайын жүзеге асырылуы тиіс.
  5. Ойын алаңдарының жабыны денсаулық үшін қауіпсіз (жарақаттануды болдырмайтын) материалдардан көзделеді.
  6. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Объектілерде ойын, оқу кабинеттері үстелдермен, арқалығы бар орындықтармен жабдықталады.

Ойын және спорт алаңдарындағы жабдықтар балалардың бойы мен жасына сәйкес келеді, үшкір шығыңқы жерлері мен ақауы болмайды, уақтылы жөнделеді. Жабдықтың бетінің жабыны суға төзімді материалдан көзделеді.

      Жабдықтың жиыны, саны және өлшемін объектілердің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көздейді.

      МДҰ мен сәбилер үйінің жиhазының негiзгi өлшемдерi осы Санитариялық қағидаларларға 5-қосымшаның 1, 2-кестелеріне сәйкес белгіленген.

  1. Жиһаз, жұмсақ, қатты мүкәммал, жабдық жұмыс жағдайында болады. Уақтылы жөнделуге немесе ауыстырылуға жатады.
  2. Топтардағы киім шешетін бөлмелер сыртқы киімге арналған шкафтармен және орындықтармен жабдықталады.

      Балалардың киіміне арналған шкафтарды жеке таңбалайды және бас киімге арналған сөрелермен және сыртқы киімге арналған ілмектермен жабдықтайды.

  1. Спорт залдары жанындағы киім шешетін бөлмелер киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен, орындықтармен жабдықталады.

      Спорттық төсеніштердің жабыны тазалауға және дезинфекциялауға болатын материалдардан көздейді.

  1. Пайдаланылған ойыншықтарды күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып күннің соңында жуады. Ойыншықтарды жууға арналған сыйымдылықты, шүберек пен жөкені таңбалайды.
  2. Жұмсақ ойыншықтарды пайдаланғаннан кейін күннің соңында ойыншықтан кемінде 25 см қашықтықта 30 минут бойы бактерицидті сәулелегіштермен дезинфекцияланады.
  3. Ерте жастағы топтарда және медициналық мақсаттағы үй-жайларда жұмсақ ойыншықтар мен пенолатексті түкті ойыншықтар пайдаланылмайды.
  4. Балалар үшін сатып алынған өнімдерге (ойыншықтар, аяқкиім, киім, ыдыс, жеке гигиена құралдары, мектеп және жазу құралдары, төсек-орын жабдықтары, парфюмерлік-косметикалық өнім, жиһаз) олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар беріледі.

6-тарау. Балалардың тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

  1. Объектілердің жатын бөлмелерін жеке стационарлық кереуеттермен жабдықтайды.

МДҰ және сәбилер үйлеріндегі және бөбек жасындағы (үш жасқа дейінгі) топтардағы жатын үй-жайлары жататын жердің өзгермелі биіктігі еденнен 30 см және 50 см деңгейінде және қоршаудың еденнен биіктігі 95 см болатын төрт жағынан биіктігі 120 см, ені 60 см қоршауы бар манеждермен немесе стационарлық кереуеттермен жабдықталады.

      3 – 6 (7) жастағы балалар үшін – ұзындығы 140 см, ені 60 см, биіктігі 30 см. Бүйір жақ қоршауының биіктігін кемінде 15 см-ге азайту мүмкіндігі көзделеді.

  1. Мектепке дейінгі топтардағы (3-6 (7) жастағы) балалардың күндізгі ұйқысын стационарлық екі қабатты кереуеттерде, жататын жері қатты жиналмалы кереуеттерде немесе түрлендірілетін (қайырмалы, жылжытылатын, домалатып шығарылатын) кереуеттерде ұйымдастыруға жол беріледі.

Жиналмалы немесе түрлендірілетін кереуеттерді пайдаланған кезде оларды сақтау үшін, сондай-ақ төсек жабдықтары мен киім-кешектерді жеке сақтау үшін орын көзделген болуы тиіс.

  1. Бір жатын орынға кемінде үш төсек-орын жиынтығының болуы көзделеді.

Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Балалар тәулік бойы болатын МДҰ-да және сәбилер үйлерінде балаларды шомылдыру төсек-орнын, іш киімді және орамалдарды бір уақытта ауыстыра отырып, күнтізбелік жеті күнде бір реттен сиретпей график бойынша жүзеге асырылады.
  2. Төсек-орынды, орамалдарды ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі.

      Жылына кемінде бір рет төсек-орын жабдықтары камералық дезинфекциялануға жатады.

  1. Төсек-орын, киім мен аяқкиім, қатты мүкәммал қорын сақтау үшін қойма үй-жайлары көзделеді.
  2. Төсек-орын жабдықтары, орамалдар, жеке гигиена заттары (тіс щеткасы, тарақ, жөкелер) әр балаға жеке бөлінеді. Жеке тіс щеткалары, жөкелер ашық ұяшықтарда сақталады.
  3. Төсек-орынды жуу объектінің кір жуатын орнында жүзеге асырылуы тиіс, ол болмаған жағдайда басқа орталықтандырылған кір жуатын орындарда ұйымдастыруға жол беріледі.
  4. Кір жуатын орында таза және лас төсек-орынның қарама-қарсы ағынына жол берілмейді.

Инфекциялық аурумен ауырған науқастардың төсек-орны жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялануға жатады.

7-тарау. Объектілердегі тамақтандыру жағдайларына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

  1. Объектілерде ас блогы көзделеді.
  2. Объектілердің ас блогында тұруға, балаларды тамақтандыруды ұйымдастырумен байланысы жоқ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындауға жол берілмейді.
  3. Объектілердің ас блогтарына осы Санитариялық қағидалардың талаптарына қайшы келмейтін бөлікте қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын нормалау құжаттарының талаптары қолданылады.
  4. Объектілердің ас блогында технологиялық процестердің бірізділігі көзделеді, шикі және дайын өнімнің, шикі жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің, пайдаланылған және таза ыдыстардың қарама-қарсы ағынына жол берілмейді.
  5. Объектілерде объекті басшысы бекіткен перспективтік маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады.

Мәзір жасау кезінде өңірде шығарылатын отандық өнімдер ассортименті ескеріледі. Балаларды тамақтандыру рационында витаминді-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.

  1. Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективтік ас мәзіріне сәйкес келуі тиіс. Ерекше жағдайларда осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшағасәйкес тамақ өнімін алмастыруға жол беріледі.

Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазытқыш жабдықтарында және (немесе) тоңазытқыш камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Сынап термометрлерін пайдалануға жол берілмейді.

  1. Күн сайын тамақтанатын балалардың саны, жасына байланысты раммен дайын тағам порциясының массасы, сондай-ақ әрбір тағам бойынша өнімдер шығысы ("брутто" салмағында) көрсетіле отырып әрбір тамақтануға тағамдар тізбесі көрсетілетін тарату-ас мәзірі парағы жасалады және ілінеді.
  2. Тамақ дайындау тағамға кіретін өнімдердің тізбесі, олардың граммен массасы ("брутто"), дайын тағамның "нетто" салмағы (тағамның шығысы), химиялық құрамы (граммен), құнарлылығы, тағамды дайындау технологиясы туралы мәліметтер көрсетілген технологиялық карталарға сәйкес тағамдар картотекасын пайдалана отырып жүргізіледі.
  3. Ас мәзірінде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде немесе келесі 2 – 3 күнде қайталауға жол берілмейді.
  4. Тағамдар порцияларының массасы осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшағасәйкес көзделеді.
  5. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант қосылады. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құстың еті күнтізбелік жеті күнде бір рет қосылады.
  6. Таңғы ас ыстық тағамнан (бірінші немесе екінші) және ыстық сусыннан, жұмыртқа, сары май немесе ірімшік қосылған бутербродтан тұрады. Екінші таңғы асқа шырындар, жемістер көзделеді.

Түскі ас салат, бірінші, екінші (негізгі ыстық тағам еттен, балық немесе құстан) және үшінші (компот, шай, шырындар және кисель) тағамнан тұрады. Пісірілген және жас көкөністерден күрделі емес салаттар дайындалады.

Бесін асқа ас мәзіріне кремсіз тоқаш немесе кондитерлік бұйымдармен бірге сусынды (сүт, қышқыл сүт өнімдері, шырын, кисель және басқалары) қосады.

Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан; негізгі екінші тағамнан (ет, балық немесе құс), сусыннан (шай, шырын, компот және кисель) тұрады. Екінші кешкі ас ретінде қосымша жемістерді немесе қышқыл сүт өнімдерін және кремсіз тоқаш немесе кондитерлік бұйымдарды қосады.

  1. Тамақтандыру арасындағы интервал 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс.
  2. Тамақтану нормалары "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздаы № 320 қаулысынасәйкес көзделген.
  3. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдауды осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаның1-нысанына сәйкес тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатының бракераж журналына деректерді енгізе отырып, олардың сапасы және қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырады.

Тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар объектілердің ас блогында сақталады.

Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келуі тиіс.

  1. Гиповитаминоздың алдын алу және ерекше емес иммунитетті арттыру мақсатында салқындатылған сусындарды (компот, кисель) жасанды "С" витаминімен витаминдеуді жүргізеді.
  2. Компоттарды витаминдеу оларды өткізу алдында +150С-тан аспайтын температураға дейін салқындатқаннан кейін жүргізіледі, кисельге "С" витаминінің ерітіндісін оны +30+350С температураға дейін салқындатқан кезде, кейіннен араластырып және өткізу температурасына дейін салқындата отырып қосады. "С" витаминімен витаминдеу осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаның2-нысанына сәйкес "С-витаминдеу" журналына деректерді енгізе отырып, тәуліктік орташа қажеттіліктің 35%-ы есебінен жүргізіледі.

Витаминделген тағамдар жылытылмайды.

  1. Объектілерде:

      1) мыналарды:

      ұйыған сүт, сүзбе мен айранды;

      туралған ет қосылған құймақтарды;

      флотша макаронды;

      зельцтерді, форшмактарды, сілікпелерді, паштеттерді;

      кремі бар кондитерлік бұйымдарды;

      тұтыну қаптамасындағы кондитерлік бұйымдар мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье және басқалары);

      морстар, квастарды;

      фритюрде қуырылған бұйымдарды;

      шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны;

      күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;

      окрошканы;

      саңырауқұлақты;

      өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде) тамақ өнімдерін;

      тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;

газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті ішімдіксіз сусындарды, ішімдіксіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қапталған минералды және ауыз судан басқа);

      фаст-фудтарды: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нандарды;

      ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;

      2) мыналарды:

      пастерленбеген сүтті, термиялық өңдеусіз сүзбені және қаймақты;

      суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;

      ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;

      тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың қосымша ет өнімдерін;

      механикалық түрде еті сылынып алынған өнімді мал етін және құс етін;

      құрамында коллагені бар құс етін;

      сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;

      генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) генетикалық түрлендіру көздері бар шиізаттарды;

йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнды пайдалануға жол берілмейді.

  1. Жаппай сауықтыру емшаралары ретінде оттегі коктейльдерін өткізуге жол берілмейді.
  2. Объектілердің ас блогында ұйымның медицина қызметкері немесе жауапты адамы күн сайын осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаның3-нысанына сәйкес тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.

Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы міндетті түрде құрамына медицина, әкімшілік, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіле отырып, обьекті басшысының бұйрығымен айқындалады.

  1. Объектілердің ас блогында күн сайын аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) толық көлемде алады және +20С-тан +60С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынама келесі күні немесе демалыстан кейінгі (демалыс күндерінің санына қарамастан) күні дайындалған таңғы ас, түскі ас, бесін немесе кешкі ас тағамымен ауыстырылғанға дейін кемінде жиырма төрт сағат сақталады.

 

Шешімі:

  1. Балалармен ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмыстарының  қорытындысы  жақсы деп танылсын.
  2. Өткен жылдың бюджеттін орындау және жаңа жылға бюджетті бөлу  жұмыстары жақсы деп есептелсін.
  3. Талапқа сәйкес балалардың қауіпсіздік ережелерінің сақталуы жоғары дәрежеде деп танылсын.
  4. ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының орындалуы жоғары дәрежеде деп есептелсін.

 

 

Меңгеруші:                           Н.О.Онланбекова

   Әдіскер:                               Ж.Н. Жакипбекова

Хатшы:                                 Г.И.Сарсенбаева