№ 66 «Толағай» балабақшасы

Нур-Султан қаласы, Алматы ауданында 2013 жылы 2 ші ақпанда № 66 «Толағай» балабақшасы ашылды.                                                   

Орналасқан жері: Қазіргі Т. Жүргенов көшесі 30/1. Мамандандырылған бұл балабақша 280 орынға арналған. Балабақшада қазақ  тілі мен қатар орыс тілі және ағылшын тілі өтіледі. Қосымша би, дзюдо үйірмелері бар. 2014 жылы балабақшаның 1 жылдығына орай үлкен мерекелік іс-шара өтті.

 

 

1 жылдың ішінде 345 балалар тәрбиеленіп, 62 қызметкер жұмыс жасады. Балабақша 14 топтан тұрады,оның ішінде 4 топ  орыс тілінде ,10 топ қазақ тілінде тәрбиеленеді. Мерекелік іс-шараға Білім басқармасынан қонақтар да келді. 1 жылдық мерей той аясында балабақшада инклюзивті түзету және білім беру  кабинетінің тұсау кесу рәсімі де өтті.

 

 

 

Сол жылдан бері инклюзив кабинетінде мамандар  мүлтіксіз қызмет атқарып келеді. Біздің балабақша тәрбиеленушілері қалалық, Республикалық жарыстар мен сайыстарға қатысып жүлделі орындар алып жүр.  2018 жылы балабақшаның 5 жылдық мерей тойын атап өтті. Балабақша меңгерушісі Н.О.Оңланбекова көптеген алғыс хат және грамоталармен марапатталды. Балабақшамызда жоғарғы, бірінші, екінші санаттағы тәрбиешілер жұмыс жасауда.                                                                                                               2017-2018 оқу жылында эксперимент алаңы ашылып, нәтижесінде «Қысқы бақ» бұрышы құрылды. Педагогтардың барлығы қайта даярлау курстарынан өтті. Оқу жылының есебі ретінде қорытынды қалалық семинар  өткізілді. Сонымен қатар осы 2017-2018 оқу жылында «арт педагогикалық класстері» бойынша үш бағытта жұмыс жасалынды: құм терапиясы, ертегі терапиясы, дене бағыт терапиясы .  

 

 

2017-2018 оқу жылында Эксперимент алаңы ашылып жұмыс жасай бастады.