Астана қаласының Әдістемелік орталығы 2023 жылғы 22 мамыр күні жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша қорытынды мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстыру, әдістемелік көмек көрсету.

Әдістемелік орталық әдіскерлері 2022-2023 оқу жылындағы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қабілеттері мен дағдыларының даму деңгейін қадағалау бойынша қорытынды мониторингті дұрыс жүргізу нұсқаулықтарымен таныстырды.

Түсіндіру жұмысы пікірталас алаңына жалғасты, әдіскерлер өз пікірлерін ортаға салды. Іс-шараға жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 218 әдіскері қатысты.