МКҚК №66 "Толағай" балабақшасы 2022 – 2023 оқу жылына педагогикалық кадрлар қажеттілігіне 21-30 қыркүйек  аралығында  конкурс жариялайды.

03-04  қазан 2023 жылы аралығында  конкурс өтетінін хабарлаймыз.

 

Конкурсқа құжаттар тапсыру 21-30  қыркүйек  аралығында төменде көрсетілген құжаттар тізімін электронды түрінде Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. сайтына жүктеуі қажет.

  1. Осы нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік cипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  1. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса, жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.);
  2. Үміткердің медициналық тексеруден өткендігін растайтын құжат көшірмесі (075-У формасы (бұрынғы 086-У));
  3. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; наркологиялық ұйымнан анықтама;
  4. Сотталмағандық туралы анықтама;
  5. «Педагог» біліктілік санатының куәлігі (міндетті) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  6. Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
  7. Конкурсқа қатысушы үміткер бар болған жағдайда өзге де жеке басына қатысты құжаттарды ұсына алады (жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құжаттары, біліктілік жетілдіру құжаттары, қала, аудан, облыс, республика деңгейіндегі марапаттар мен төс белгілер, ғылыми ата туралы құжаттар):

Ескерту:

  1. Құжаттар тізімінің толық болмаған жағдайда конкурсқа қатысушы үміткерге өзге құжаттарын қайтарып беруге негіз болады;
  2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе қылмыстық құқық бұзушылық немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі;
  3. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өтті деп есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.

Қажетті лауазымдар:

Лауазымы

Штат бірлігі

Жалақы мөлшері

1

Тәрбиеші

4

150000-180000

2

Педагог-тютор

6

150000-180000

3

Логопед-дефектолог

2

130000-150000