Мақсаты: Ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайту, тәрбиеленушілер бойына өнеге боларлық халық ауыз әдебиеті түрлерімен дарыту, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру, ата-аналарды мерекелік шараға тарту, балалардың үлкенге, ата-анаға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

 

Құрметті қонақтар, ата-аналар, тәрбиешілер және бүлдіршіндер! Бүгінгі балабақшамызда өткелі отырған «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысына қош келдіңіздер.! Бүгін біз келешек ұрпағымыздың осындай көргенді де тәрбиелі азамат болып өсулеріне ықпал етуді, ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында өткізгелі отырмыз.
Алдымен сайысымыздың шартымен танысытырып алайық
І тур: «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл» (өзін-зі таныстыру)
ІІ тур: «Мақал-сөздің мәйегі» (мақалды жалғастырып айту)
ІІІ тур: «Ойлан тап» (жұмбақтар шешу)
ІV тур: «Жаңылтпаштан жаңылма» (мүдірмей жаңылтпаш айту)
V тур: «Ойна да ойла» (қиылған сурттерді белгіленген уақыт ішінде құрастыру)
Сайысымыздың жеімпазын анықтайтын, әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
Кім бірінші бастайтынын жеребе арқылы реттік номерін анықтау
Кімдер білгір, өнерпаз білейікші,
Тапқыр ана екен деп жүрейікші.
Әділқазы алқасына әділдікті,
Ал, аналарға сәттілік тілейікші,- дей отырып сайысымызды бастаймыз.
1 тур: «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл» (өзін-зі таныстыру)
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген аналар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
2 тур: «Мақал-сөздің мәйегі» (мақалды жалғастырып айту)
Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, киелі сөз сүйектен өтер демде.
Тоқталамыз енді біз көңіл бөліп,
Қанатты сөз-мақал мен мәтелдерге.
«Ұл тәрбиесі әкеден, ... »/қыз тәрбиесі анадан/
«Құс балапаны үшін тұзаққа түседі...»/ата-ана баласы үшін азапқа түседі/
«Тау мен тасты су бұзар...»/адамзатты сөз бұзар/
«Әдептілік белгісі...»/иіліп сәлем бергені/
«Еңбек түбі береке...»/Көптің түбі мереке/
«Бала...»/көңілдің гүлі, көздің нұры/
«Отансыз адам...»/ормансыз бұлбұл/
«Атыңа ауыр жүк артпа...»/анаңа ауыр сөз айтпа/
«Жақсы адам-елдің ырысы...» /жақсы жер-жанның тынысы/
«Ақыл-көпке жеткізеді...» /өнер-көкке жеткізеді/
«Сіз деген сөздің сынығы...» /Сен деген сөздің анығы/
«Әдепсіз өскен адамнан...»/Тәртіппен өскен тал жақсы/
3 тур: «Ойлан, тап» (жұмбақтар шешу)
Қазынамыз толы ғой қымбаттарға,
Түсінерсің тоқ етер тіл қатқанда.
Келесі тапсырманы орындап біз,
Ал, ойланып көрейік жұмбақтарға.

Шыр-шыр етеді, Үрлесең,жеп-жеңіл,
Құлағыңнын өтеді. Елпілдеп кетеді.
Ұстай алсаң Ұшырсаң,көк теңбіл,
Сөйлеп кетеді. Бұлтқа да жетеді.
(Телефон) (Шар)
Шидиген ұзын сирағы, Үсті шақпақ-шақпақ,
Тастай керең құлағы. Жатсаңда оны таптап.
Сөйтіп жүріп көп жерге, Кетіп бара жатады
Аспалы торлар құрады. Біраздан соң баптап.
(Өрмекші) (Тасбақа)
Дүниеде бір молда, Түгі қара мақпалдай,
Уағында азан оқиды, Төсі ақ сыр жаққандай
Мезгілінде айқайлап, Ұшса оқтай зулайды,
Қайтып кеп жер шоқиды. Көктен жұлдыз аққандай.
(Қораз) (Қарлығаш) 
Өзі жап-жас,мұрты бар, Жардан да секіріп,
Ет пен сүтке ұмтылар. Талдан да секіріп.
Тастамайды жылы үйде, Ойынпаз баладай,
Түкті тонын шұп-шұбар. Өскенше жетіліп.
(Мысық) (Лақ) Көтеріліп теңізден, Көктен түсіп көбейді,
Аспанға биік барамын. Ұқсайды өзі шекерге.
Биіктен қайта түскенде, Бірақ ешкім жемейді.
Өңі кірер даланың. Жерде жатыр бекерге.
(Жаңбыр) (Қар)
Өрнектеп, сәндеп, Қалпағы ақ қарасаң,
Тiгiстерiн бүгетiн. Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Солпысын жөндеп, Дәм мәзiрiн қаласаң,
Кiм көйлек тiгедi? Алға ұсынып тұрады ол.
(Тiгiншi) (Аспаз)
Апам үшін қам жеген, Бір бөлмеде көп тентек,
Тозаң жұтып,шаң жеген. Әрқайсысы отпен тең.
Жатыр үйде айдаһар, Жатпайды олар сіз-біз деп,
Ондай мешкей қайда бар? Шыға келер шыж-быж деп.
(Шаңсорғыш) (Сіріңке)
Іші жұмсақ,сырты қатты, Қалпағы бар дөңгелек,
Еті қызыл,сүті тәтті. Сары гүлмен қоршалған.
Соғым үшін сайлап қойдым, Қарай-қарай күнге ерек,
Бордақылап байлап қойдым. Мойны талып шаршаған. 
(Қарбыз) (Күнбағыс)
Орманнан,жалпақ даладан, Аузы бар,тілі жоқ,
Бал іздеп,бірақ жортады. Терісі бар,жүні жоқ.
Кіп-кішкентай арадан, Қанаты бар ұшпайды,
Үп-үлкен боп қорқады. Су астында қыстайды.
(Аю) (Балық)
ІV тур: «Жаңылтпаштан жаңылма» деп аталады
Мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты жылдам, мүдірмей айту керек

Айта-айта жақ талды,
Қайта-қайта жатталды.
Қайта-қайта жақ талды.
Айта-айта жатталды.

Қара майын қарағайдың,
Қаламайын, жаламайын
Қарағайдың қара майын,
Қасына енді жоламайын.

Біз де ізге түстік,
Сізде ізге түстіңіз.
Біз қыста ізге түстік,
Сіз күзде ізге түстіңіз.

Гүл өсірген дұрыс па?
Ұл өсірген дұрыс па?
Тіл өсірген дұрыс па?
Құры есірген дұрыс па?

Досым маған еліктеп,
Домбырамен ән салды,
Дән риза болып көп,
Дуылдады, тамсанды.

Екеуінін жасы шамалас, 
Бірінің шашы - қарашаш, 
Бірінің шашы - ақ шаш аралас.

V тур: «Ойна да ойла» (қиылған сурттерді белгіленген уақыт ішінде құрастыру)

Ал, келіңдер, ойнайық.
Ойнайық та, ойлайық.
Суреттерді қиылған,
Құрастырмай қоймайық
Аналар өз баласымен берліген сурет қиындыларын құрастырады.

 

 

 

 

Тақырыбы: Ертегілер еліндегі ғажайып математика
Мақсаты: Білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санаутүсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, математика, әлеуметтік орта, шығармашылық
Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, тура, кері санауға арналған сандар, санауға арналған қонжық маскалары, алма ағашының макеті, шығармашылық ойынға арналған пішіндер салынған кілемшелер, алманың муляжы, үйшік макеті, ертегі кейіпкерлері, слайд.
Сабақты ұйымдастыру:
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем,- дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балалар
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс айы
Тәрбиеші: Қыс айларын ата?
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: Қымбатты балалар, қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян»
Тәрбиеші: Олай болса, Маша мен аю ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!
Балалар, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз. Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:
Маша; Асылым:
О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.
Осы кезде біреу есік қағады.
Аю: (Бекұлан) Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіңнің төбесіне ұқсайды.
Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
1 - тапсырма. Бір аптада неше күн бар?
Жауабы: Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбіде доп ойнадым далада
Сейсенбіде серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп
Бейсенбіде би биледім әндетіп
Жұма күні жидек тердім ағаштан
Сенбі күні кино көрдім клубтан
Жексенбіде үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта.
Біздің балаларда апта күндерін айтып береді.
Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
Бір кезде Қасқыр келеді.
Қасқыр:(Ақмерей) бұл сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын. Менің қолымдағы төртбұрыш, оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.
Маша: Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
2 - тапсырма
1 - ден 5 - ке дейін тура, кері санап бер.
0 1 2 3 4 5 5 4 3 2 1 0
Маша: Дұрыс, үйге кіре ғой
Ойын: Көршісін тап
Қоян(Айша): Бұл әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қоян: Мен қоянмын, Мен саған таныстыруға дөңгелек әкелдім., оның бұрышы жоқ, допқа, күнге ұқсайды.
Маша: мм, қане маған берші, Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың.
3 - тапсырма.
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаң
Қалады онда неше алма.
Қоян: 0 алма.
Маша: Дұрыс айтасын, кіре ғой.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге осындай есеп айтайын кім шешеді екен?
Төрт қонжық орманда
Келе жатты қорбандап
Біреуі шаршады
Әрмен қарай бармады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!
Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі: Мына әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Түлкі(Данара). Мен түлкімін. Менің қолымдағы шаршы пішіні.
Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең.
Маша: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.
4 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін санамақ айтып бер.
Данара:
Бір дегенің бесік,
Содан шықтық өстік.
Екі дегенің елім,
Өзен тауым көлім
Үш дегенім үміт,
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім,
Төзе білім өзім
Бес дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Тәрбиеші: Жарайсың Түлкі.
Енді біздің балаларда санамақ білетін болар, қане кім айтып береді?
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста
Емін - еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.
Тәрбиеші: Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық.
5 - тапсырма. Саусақпен санап үйренейік:
Бес кәмпитім көп еді,
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім мамаға,
Бір кәмпитім папаға.
Өзімеде жете ме?
Қорытынды.
Тәрбиеші: Балаларға пішіндерге ұқсас заттарды теледидардан көрсету.
Балалар пішіндер туралы тақпақтар айтайық:
1. Данагүл: Пішіндерді үйрендім
Қабырғасы тік сайлы.
Үш бұрыш бұл үйлердің
Шатырына ұқсайды.
2. Қайсар: Бөлініп - ап екіге,
Отырған сәт шетінде.
Төртбұрышта ұқсайды
Үстелдердің бетіне.
6 - тапсырма. Балаларға логикалық сұрақ:
Айгүлдің мамасы дүкеннен екі төртбұрышты доп сатып әкелді. Оның біреуін бөпесіне берді. Нешеуі қалды?
Ағашқа бес торғай қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
Сандар шығып тақпақтарын айтады:
1. Батыр: Мені білгін келсе,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.
2. Азиз: Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағым.
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.
3. Галифа: Екіден соң әрқашан
Үш саны боп қаламын.
Қос мүйізі майысқан
Ұлттық ою саламын.
4. Арайлым: Достар мені төрт дейді
Беске бірім жетпейді
Бірақ үшке ағамын
Жақсысымын бағаның
5. Айсұлтан Арайлым:
Әр қолда саусақ бес - бестен
Шықпас тегін ол естен
Біліп санның шамасын
Мысал ойлап табасың.
7 - тапсырма. Балаларға шығармашылық ойын: «Кілемшені толтыр»
Тәрбиеші:
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Біздерге қонаққа нелер келді?
Маша: Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып, көңілімді көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын.
Тәрбиеші: Балалар сіздерге машаның кәмпиті бар екен.
Балаларды Маша мадақтайды.
Рольдегі балалармен таныстыру:
Маша - Асылым
Аю - Бекұлан. С
Қасқыр - Мерген
Қоян - Айша.
Түлкі - Данара
Осымен бүгінгі «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты ұйымдасқан оқу іс - әрекетіміз аяқталды.
Балалар: Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар геометриялық пішіндерді атап, ертегі кейіпкерлерін дұрыс атай білді,
Игеру керек: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру керек.
Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгергендері байқалады.